Еуразиялық даму банкі 2012 жылдың 7-8 маусымында Гонконгта және Сингапурда жетекші инвесторлармен таныстық кездесулерінің раунды өтетіні жайлы хабарлады

08.06.12 16:41
/KASE, 08.06.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған Еуразиялық даму банкі, Биржаға 2012 жылдың 08 маусымындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) 7-8 маусымда жетекші азиялық инвесторлармен бірқатар таныстық кездесулер (non-deal road-show) өткізеді. Екі күн ішінде Банктің басщылары Гонконгта және Сингапурда ірі басқарушы және инвестициялық компаниялармен, активтерді басқару жөніндегі жеке және мемлекеттік қорлармен, сондай-ақ, банктермен және сақтандыру компанияларымен кездеседі. Кездесулерді ұйымдастырушылар: HSBC Bank Plc және BNP Paribas халықаралық инвестициялық банктері. Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз: Юлия Остроухова, +77019912843, +79067701672 Михаил Мзареулов, +7 9032446025 pressa@eabr.org.