Еуразиялық даму банкі ЕурАЗЭО Дағдарысқа қарсы қорының кеңесі Беларусь Республикасына қаржылық несиенің $ 440 млн сомасында үшінші траншын бөлуді мақұлдағаны туралы хабарлады

08.06.12 17:22
/KASE, 08.06.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған Еуразиялық даму банкі, Биржаға 2012 жылдың 08 маусымындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: ЕурАзЭО Дағдарысқа қарсы қорының (ДҚҚ) кеңесі Беларусь Республикасына қаржы несиесінің 440 млн АҚШ доллары сомасындағы үшінші траншын бөлуді мақұлдады. Бұл шешім бүгін ЕурАзЭО ДҚҚ Кеңесінің Мәскеуде өткен отырысы барысында Беларусь Қаржы министрлігінің ДҚҚ қаражатын басқарушы ретінде Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) берген транштың шарттарын орындауы туралы есепті бағалаудың негізінде қабылданды. Оның үстіне, ДҚҚ Кеңесі Беларусь Республикасы Үкіметінің Премьер- Министрі және Ұлттық банкінің Төрағасы қолдарын қойған Ниеттер туралы жаңа хатты мақұлдады. Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1168517 мекен-жайы бойынша танысуға болады.