Еуразиялық даму банкі "НБД*Банк" ААҚ (Ресей) 160 млн рубль сомасында несие келісім-шартына қол қойғаны туралы хабарлады

08.06.12 16:07
/KASE, 08.06.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған Еуразиялық даму банкі, Биржаға 2012 жылдың 08 маусымындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) бүгін "НБД-Банк" ААҚ несие келісім- шартына қол қойды. Құжат астында қолдарын қойғандар - ЕАДБ Басқарма Төрағасының орынбасары Дмитрий Журба және нежегородтық НБД-Банкінің Басқарма Төрағасы Александр Шаронов. Келісім-шартқа сәйкес, ЕАДБ Ресей Федерациясындағы шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруға НБД-Банкіне 160 млн рубль сомасында қайта жаңғыртылмайтын несие линиясын береді. Қаржыландыру ЕАДБ-інде қолданып отырған "Қаржы институттарына мақсатты несие линияларын беру арқылы ШОБ қолдау және дамыту бағдарламасына" сәйкес, жасалып отыр. Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1168498 мекен-жайы бойынша танысуға болады.