"СЕНІМ-БАНК" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің 2012 жылдың 22 маусымында өтетін кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелерге толықтыру енгізілді

08.06.12 14:41
/KASE, 08.06.12/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "СЕНІМ-БАНК" АҚ (Алматы обл., бұдан әрі – банк), биржаға 2012 жылдың 22 маусымында сағат 17:00-ге бекітілген банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелерге толықтыру енгізілгені туралы мәлімдеме жасады. Аталмыш жиналыстық толықтыруды ескергендегі күн тәртібі: - банктің жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы; - банктің акцияларын айырбастау тәртбін бекіту және банктің акциялар шығарылымы аңдатпасына тиісінше өзгертулер туралы; - банктің Директорлар кеңесінің сандық құрамын анықтау, оның мүшелерін сайлау, банктің Директорлар кеңесінің мүшелеріне олардың өз міндеттерін орындағандары үшін сыйақылар мен шығындарына өтемақылар төлеу мөлшері мен шарттарын анықтау туралы. Осы жиналыстың өтетін мекен-жайы: Алматы обл., Қарасай ауданы, Рахат а., Асқаров көш., 21/2, 1 п.