"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) Қытайдың экспорттық-импорттық банкімен (EXIM) мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысының несиелік келісіміне қол қойғаны туралы хабарлады

07.06.12 12:20
/KASE, 07.06.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (Астана), һБиржаға 2012 жылдың 06 маусымындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС 2012 жылдың 6 маусымында Бейжің қаласында Қытайдың Экспорттық-импорттық банкімен (EXIM) мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысының несиелік келісіміне қол қойылғандығы туралы хабарлайды. Несие көлемі 1 130 408 642 АҚШ долларын құрайды. Несие 13,5 жыл мерзімге беріледі. Бас келісімге Экспорттық-импорттық банк тарапынан ұжымдық банкинг департаменті бас менеджерінің орынбасары Ли Вен, "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС тарапынан Бас директор Талғат Байтазиев қол қойды. Шараға ҚР Мұнай және газ министрлігі, "ҚазМұнайГаз»ҰҚ" АҚ, "Sinopec" (ҚХР) корпорациясының басшылары қатысты. Мұнайды ауқымды өңдеу жобасы мемлекеттік үдемелі индустриалдық- инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асуда және Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңғыртудың соңғы кезеңі болып саналады. Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені жылына 2 миллион 400 мың тонна шикізат (қарамай, вакуумды газойль) өңдеуге есептелген. Кешен құрылысы басқа қондырғылардан шыққан қалдықтарды, яғни, қара түсті мұнай өнімдерін өңдеуге мүмкіндік беретін қазіргі таңдағы ең озық технологиялар негізінде жүргізілмек. цитата соңы Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында келесі мекен-жайлар бойынша танысуға болады: - http://www.kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_060612_kz.pdf – қазақ тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_060612.pdf – орыс тілінде.