"АПК-Инвест" корпорациясы" ЖШС өзінің KZP01Y05D980 (KZ2P00001548, APKIb4) облигациялары бойынша 2-ші купонын төлеуі туралы хабарлады

06.06.12 15:20
/KASE, 06.06.12/ – "АПК-Инвест" корпорациясы" ЖШС (Астана) 2012 жылдың 05 маусымында өзінің KZP01Y05D980 (KZ2P00001548, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, APKIb4; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 30.05.11 – 30.05.16, жарты жылдық купон жылдық 10,0 %; 30/360) облигациялары бойынша екінші купондық сыйақысын төлеуі туралы Қазақстан қор биржасына (KASE немесе Биржа) хабарлап, ресми хат жолдады. Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 316 704 200,00 теңгені құрады. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және биржада айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, биржаға ресми хат жолдауы тиіс.