Биржалық кеңестің Эмитенттердің қаржылық есеп берушілігі және аудиті жөніндегі комитетінің жаңа құрамы сайланды

01.06.12 17:10
/KASE, 01.06.12/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Биржалық кеңесі 2012 жылдың 31 мамырында Биржалық кеңестің Аудит жөніндегі комитетінің жаңа құрамын сайлады: - А.О. Алдамберген, "Самұрық-Қазына Қаржы" ЖШС бас директоры (Комитеттің Төрағасы); - В.А. Кышпанаков, "BCC Invest" АҚ – "ЦентрКредит Банкі" АҚ еншілес ұйымының Басқарма Төрағасының орынбасары (Комитеттің Төрағасы болмаған кезде немесе мүдделердің қайшы келуі жағдайы туындағанда оның орнын басуға құқылы тұлға); - Қ.Қ. Дамитов, КASE Президенті; - Г.А. Цалюк, KASE.Листинг департаментінің директоры. Қазіргі уақытта Комитетте қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау бойынша уәкілетті органдардың өкілдері келесілер болып табылады: - Н.Т. Шалғымбаева, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Бухгалтерлік есеп департаментінің директоры; - Е.А. Никифорова, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) Қаржы ұйымдарын қадағалау департаментінің директоры (КФН НБК), ол болмаған жағдайда – З.С. Жұмабаева, ҚҰБ ҚҚК Қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті директорының орынбасары немесе К.К. Әбжанов, ҚҰБ ҚҚК Қаржы ұйымдарын қадағалау департаментінің бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және зейнетақы қорларын қадағалау басқармасының бастығы.