"АТФБанк" АҚ (Қазақстан) өзінің KZPC1Y07B598 (KZ000A0TZZG9, ATFBb5) облигацияларын өтеуі туралы хабарлады

30.05.12 12:57
/KASE, 30.05.12/ – "АТФБанк" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE немесе Биржа) жолдаған ресми хатында 2012 жылдың 28 мамырында өзінің KZPC1Y07B598 (KZ000A0TZZG9, KASE ресми тізімі,"Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, ATFBb5; 100 теңге, 13,0 млрд теңге; 23.05.05 – 23.05.12; инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, соңғы купондық кезеңге жылдық 10,60 %; 30/360) облигацияларын өтегені туралы хабарлады, аталмыш облигациялар бойынша соңғы – он төртінші купондық сыйақы төленді. Айтылмыш хабарламаға сәйкес аталған облигациялар бойынша төленген жалпы соманың көлемі 13 689 000 000,00 теңгені, соның ішінде негізгі берешек (облигацияның жиынтық номиналды құны) 13 000 000 000,00 теңгені, ал он төртінші купондық сыйақының сомасы– 689 000 000,00 теңгені құрады. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және биржада айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, биржаға тиісті ресми хат жолдауы тиіс.