2012 жылдың 04 маусымында "ОРДА кредит" несиелік серіктестігі" ЖШС (Қазақстан) қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысы болады

29.05.12 09:56
/KASE, 29.05.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "ОРДА кредит" несиелік серіктестігі" ЖШС (Шымкент, бұдан әрі – компания), биржаға 2012 жылдың 04 маусымында 11:00-де өзінің қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысы басталатыны туралы мәлімдеді. Жиналыстың күн тәртібінде: - компанияның жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу; - компанияның екінші шығарылым облигацияларының айналыс мерзімін өзгерту және компанияның екінші шығарылым облигацияларының аңдатпасына өзгертулер енгізу. Аталмыш жиналыстың өтетін мекен-жайы: Шымкент қ., Ғ. Иляев көш., 47. Осы жиналыстың қатысушыларын тіркеу сағат 10:00-ден жүргізіледі. Кворум жиналмаған жағдайда, компания қатысушыларының қайталама жиналысы 2012 жылдың 05 маусымда сағат 10:00-де жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша өтеді. Қатысушылар аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты материалдармен Шымкент қ., Ғ. Иляев көш., 47 мекен-жайы бойынша таныса алады.