"Имсталькон" АҚ (Қазақстан) 2012 жылдың 15 мамырында өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының қорытындылары туралы хабарлады

24.05.12 11:34
/KASE, 24.05.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE немесе Биржа) "Имсталькон" АҚ (Алматы), Биржаға ресми хат жолдап, былай деп хабарлады: "Имсталькон" АҚ акционерлерінің 2012 жылдың 15 мамырында өткен жылдық жалпы жиналысында келесі шешімдер бір ауыздан қабылданды: 1) "Имсталькон" АҚ 2011 жылға жылдық қаржылық есеп берушілігі бекітілді 2) "Имсталькон" АҚ 2011 қаржылық жылдағы таза табысын бөлу тәртібі бекітілді 3) Қоғамның бір акцияға 30 теңге көлемінде жай акциялары бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылданды. "Имсталькон" АҚ Директорлар кеңесінің 2011 жылдағы қызметі туралы есеп 4) "Имсталькон" АҚ Директорлар кеңесінің 2011 жылдағы жұмысы қанағаттанарлық деп бекітілді 5) Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі Т.Н. Синицынаның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды және "Имсталькон" АҚ Директорлар кеңесінің жаңа тәуелсіз мүшесі ретінде Сергей Викторович Плужник тағайындалды. 6) Қызығушылығы бар мәмілелер бекітілді.