Еуразиялық даму банкінің кеңесі банктің 2011 жылдағы жұмысының қорытындыларын және 2012 жылға жоспарларын мақұлдады

23.05.12 13:21
/KASE, 23.05.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған Еуразиялық даму банкі, Биржаға 2012 жылдың 23 мамырындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: Сейсенбі күні Астанада Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Оның жұмысына қатысқандар: Армения Республикасы тарабынан – Қаржы министрі Ваче Габриелян; Беларусь Республикасынан – Экономика министрі Николай Снопков; Қазақстан Республикасы тарабынан – Қаржы министрі Болат Жамишев; Қырғыз Республикасынан – Қаржы министрі Акылбек Жапаров; Ресей Федерациясынан – Қаржы министрінің орынбасары Сергей Сторчак (Кеңестің Төрағасы); Тәжікстан Республикасы тарабынан – Инвестициялар және мемлекеттік мүлікті басқару комитеті Төрағасының Бірінші орынбасары Шухратджон Рахматбоев. Кеңес Банк Басқармасының жылдық есебін, сонымен қатар 2011 жылға аудиторлық қорытындыны есепке ала отырып, ЕАДБ Қаржылық жағдайы (баланс) туралы есепті және Жиынтық табыс туралы (пайда мен шығын туралы есеп) есепті тыңдап, бекітті. Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1167479 мекен-жайы бойынша таба аласыз.