KASE "АТФБанкі" АҚ (Қазақстан) KZPC1Y07B598 (KZ000A0TZZG9, ATFBb5) облигацияларын KASE_B* сериясы индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады

23.05.12 14:11
/KASE, 23.05.12/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE немесе Биржа) Индекстер және бағалы қағаздар жөніндегі комитеті 2012 жылдың 23 мамырынан бастап "АТФБанкі" АҚ (Алматы) KZPC1Y07B598 (KZ000A0TZZG9, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, ATFBb5; 100 теңге, 13,0 млрд теңге; 23.05.05 – 23.05.12; инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, соңғы купондық кезеңге жылдық 10,60 %; 30/360) облигацияларын айналыста болу мерзімдерінің аяқталуына байланысты KASE_BY, KASE_BP және KASE_BC индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады. 2012 жылдың 23 мамырынан бастап KASE_BP индексін есептегенде KASE 0,9981823 тең түзету коэффициентін (К) қолданады, KASE_BC – 0,9985589, KASE_BY – 1,6989659. Аталған датаға дейін KASE_BP индексі үшін (К) 0,9981766, KASE_BC үшін – 0,9985497 және KASE_BY үшін - 1,6989588 тең болған. KASE_BY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индексі. KASE_BC – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша (жинақталған, бірақ төленбеген) сыйақысын есепке алмай ("таза" бағасы бойынша) есептелетін бағалар индексі. KASE_BP – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша барлық тиесілі сыйақысын, соның ішінде төленбегенін, есепке алып есептелетін бағалар индексі. Аталмыш индекстердің барлығын KASE күніне бір рет, корпоративтік облигациялардың сауда-саттық нәтижелері бойынша есептеледі. Әр атаудағы облигация бағасының индикаторлардың мәніндегі үлес салмағы он бес пайызбен шектеледі. Бұл ретте, KASE қолдануындағы құжаттарға сәйкес, тек орналастырылған және эмитентпен қайта сатып алынбаған облигациялардың көлемі есепке алынады. Шектеу шектеу коэффициенті арқылы жүзеге асырылады. Бұдан бұрын бұл тақырыбы бойынша 2012 жылдың 23 мамырында "АТФБанкі" АҚ (Қазақстан) KZPC1Y07B598 (KZ000A0TZZG9, ATFBb5) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды" атты KASE жаңалығы http://www.kase.kz/ru/news/show/1167478 мекен-жайы бойынша жарияланды. Индекстерді есептеу әдістемесі "Қор нарығының индикаторларын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатымен реттеледі, осы құжатпен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met_kaz.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады.