"АТФБанкі" АҚ (Қазақстан) KZPC1Y07B598 (KZ000A0TZZG9, ATFBb5) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

23.05.12 12:57
/KASE, 23.05.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2012 жылдың 23 мамырынан бастап "АТФБанкі" АҚ (Алматы) KZPC1Y07B598 (KZ000A0TZZG9, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, ATFBb5; 100 теңге, 13,0 млрд теңге; 23.05.05 – 23.05.12; инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, соңғы купондық кезеңге жылдық 10,60 %; 30/360) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды деп хабарлайды. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 20058 жылдың 09 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің "А" санатына енгізілді, 2008 жылдың 01 қыркүйегінен бастап "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасына ауыстырылды, ал 2010 жылдың 31 мамырынан бастап "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатына ауыстырылды. Олардың сауда-саттығы 2005 жылдың 15 маусымында ашылған. Аталмыш облигациялардың биржада айналыста болу мерзімінде олардың өтелуіне кірістілігі (ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелер бойынша) жылдық 4,00-ден 31,00 % аралығында құбылды. 2011 жылы аталмыш облигациялар биржадағы мемлекеттік емес бағалы қағаздарының саудалану рейтингінде жасалған мәмілелердің көлемі бойынша 92-ші жайғасымға (нарықтың тиісті айналымынан 0,19 %) және корпоративтік облигациялардың осыға ұқсас рейтингінде 77-ші жайғасымға иеленді (0,28 %).