Tethys Petroleum Limited компаниясы (Біріккен Корольдік) Қазақстандағы мұнай қорлары туралы жаңартылған ақпаратты жариялады

21.05.12 17:46
/KASE, 21.05.12/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған Tethys Petroleum Limited компаниясы (Channel Islands), биржаға 2012 жылдың 16 мамырындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: Тетис Петролеум компаниясы өзінің Қазақстандағы объектілеріндегі мұнай қорлары туралы жаңартылған есепті алғаны туралы хабарлады. Есепке сәйкес, жалпы тәуекелсіз алынатын орташа перспективті мұнай қорлары 1,17 миллиард баррель деп бағаланып отыр. Қорлар туралы есепте, сондай-ақ, айтарлықтай газ қорлары туралы мәлімет берілген. Негізгілері: - Орташа тәуекелсіз алынатын қорлар: 1,17 миллиард баррель мұнай. - Алаңда сәтті бұрғылау жүргізілгеннен кейін оң нәтиже болуының анағұрлым жоғары мүмкіндігі. - "Дайна" перспективті іздеу телімін (128 миллион баррель тәуекелсіз алынатын орташа перспективті қорлар) АКД07 ұғмысасымен тестілеу қажет. Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/GG_TPL_/gg_tpl_reliz_160512_.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады.