Tethys Petroleum Limited компаниясы (Біріккен Корольдіr) 2012 жылдың бірінші тоқсанындағы қызметінің нәтижелерін хабарлады

21.05.12 17:36
/KASE, 21.05.12/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған Tethys Petroleum Limited компаниясы (Channel Islands) биржаға 2012 жылдың 15 мамырындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: Бүгін Тетис Петролеум Лимитед компаниясы 2012 жылдың бірінші тоқсанындағы өзінің қаржылық нәтижелерін жариялады. Бұл нәтижелер өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда табыстың 45% ұлғаюымен сипатталады. Компания қаржылық нәтижелерін Халықаралық қаржылық есеп берушіліктің стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес жариялайды. НЕГІЗГІЛЕРІ - 2012 жылдың 1 тоқсанындағы жалпы табыс 6,49 млн. АҚШ долл. құрады (2011 ж. 1 тоқсанында – 4,48 млн. АҚШ долл.). - 2012 ж. 1 тоқсанында мұнай мен газдың орташа өндірісі тәулігіне мұнай баламасының 5117 баррелін құрады (2011 ж. 1 тоқсанында – тәулігіне мұнай баламасының 4531 баррелі). - Қазақстанда "Дорис" кенінде мұнай мен газды орташа өндіру 2012 жү 1 тоқсанында тәулігіне 1038 баррель мұнайды құрады (2011 ж. 1 тоқсанында – тәулігіне 337 баррель мұнай). - 2012 ж. 1 тоқсанындағы газдың орташа өндірісі тәулігіне 566 млн. куб метрді құрады (2011 ж. 1 тоқсанында – тәулігіне 511 млн. куб метр). Аталмыш баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/GG_TPL_/gg_tpl_reliz_150512.pdf мекен- жайы бойынша танысуға болады.