19 мамыр күні KASE Алматыда "Қазақстан қор нарығының ашық есік күнін" өткізді

21.05.12 16:47
/KASE, 21.05.12/ – 19 мамыр күні Қазақстан қор биржасы (KASE) ҚМЭБИ Университетінің жаңа залында потенциалды және қызмет етуші бөлшек инвесторларға арналған білім беру блиц-семинарларынан тұратын "Қазақстан қор нарығының ашық есік күні" атты игішарасын өткізді. Игішараны "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ, "Алматы қаласы өңірлік қаржылық орталығының академиясы" АҚ және басқа да қаржы нарығы қатысушыларының қолдауымен KASE өткізді. Ақпараттық серіктестер қызметін "ИРБИС" қаржы нарықтарының ақпараттық агенттігі" ЖШС, Сbonds ақпараттық агенттігі, Kazakhstan Today ақпараттық агенттігі, Bnews интернет порталы, "Капитал" іскерлік апталығы, Қазақстан Баспасөз-клубы, zhurik.kz интернет ресурсы атқарды. Игішара аясында қазақстандық нарықтың кәсіби қатысушыларының стендтері қызмет етті, Қазақстанда қаржылық құралдармен биржалық сауда-саттық туралы презентациялар мен семинарлар, сондай-ақ, инвестициялаудың тәжірибелік мәселелері бойынша мастер-кластар өткізілді. Шараға 300 жуық адам қатысты. Игішараға қатысу тегін болды. Аудиториялар мен көрме залдары күні бойы адамға лық толы болды. Қатысушылардың пікірінше, акция қызықты және тәжірибелік мәнде пайдалы болып шықты. Спикерлердің презентациялары мен фотосуреттер http://www.kase.kz/opendoors игішара бетінде жақын арада жарияланады.