"RG Brands" АҚ (Қазақстан) өзінің 2012 жылдың бірінші тоқсанындағы қызметінің нәтижелерін жариялады

21.05.12 12:40
/KASE, 21.05.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "RG Brands" АҚ (Алматы), биржаға баспасөз- хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: - 2012 жылдың бірінші тоқсанында RGBrands сатылымдары 9 пайызға өсіп, 6,5 млрд. теңгені құрады - 3-айлық жалпы табыс 30 пайызға көбейді, бұл 2,5 млрд. теңгені құрады - EBITDA көрсеткіші 29 пайызға өсіп, 935 млн. теңгені құрады - RGBrands компаниясы жылдық жоспарлы өсімге қол жеткізетініне сенімді RGBrands дамудың үш сатылы бағдарламасын сәтті орындау үстінде, бұл бағдарламаның санаттары: "Жаңа өнімдерді дамыту", "Отандық нарықта басымдылық көрсету " және "Территориялықя экспансия". 2012 жылдың алғашқы 3 айының ішінде компания табысын 9 пайызға өсірді. 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда, RGBrands табысынң деңгейін 20 пайызға өсірген. 2012 жылдың бірінші тоқсанындағы сәтті нәтиже маркетингтік бастамаларды енгізіп, өнімдердің жоғары табысты санаттарына баса назар аудару, компанияның жағымды баға саясатының арқасында жүзеге асты. Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/RGBR/rgbr_reliz_210512.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады.