Еуразиялық даму банкі RAIL1520 (Ресей) лизингілік компаниясымен $75 млн сомасындағы несие келісім-шартына қол қойғаны тцралы хабарлады

18.05.12 15:53
/KASE, 18.05.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған Еуразиялық даму банкі, биржаға 2012 жылдың 17 мамырындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: Еурази\лық даму банкі (ЕАДБ) жүк тасымалдау нарығые дамыту жобасы аясында RAIL1520 компаниясына 10 жылдық мерзімге 75 млн. АҚШ доллары сомасында несие линиясын ашады. Бүгін Мәскеуде тиісінше келісімге қол қойылды. Нарықты заманауи жүк вагондарымен қамтамасыз ету мақсатында несие алушы вагон шығарушы кәсіпорындардан 1 000 астам жүк вагондарын сатып алып, оларды артынан жүк жасаушы кәсіпорындар мен көлік компанияларына операциялық лизингке береді. Аталмыш жобаны жүзеге асыру барысында вагондарды және олардың қосалқы бөлшектерін жеткізуге жаңа тапсырыстар түседі деп күтілуде. Бұл темір жол машина құрылысы мен металлургия саласының дамуына қосымша ықпал етері сөзсіз. Оған қоса, вагондардың кезекті лизингі темір жол көліктері қызмет көрсететін негізгі салаларға – таулы- металлургиялық кешенге, көмір өндіруші өнеркәсіп пен энергетикаға оң әсерін тигізеді. ЕАДБ сарапшыларының есебі бойынша, жобаның жүзеге асырылуынан Банктің қаржыландыру мерзімінде Ресейдің экономикасындағы қосымша шығарылым шамамен 301 млн. АҚШ долларын құрайды, ал несие мерзіміндегі экономикадағы жыл сайынғы жалпы шығарылым көлемі 30 млн АҚШ долларынан астам сомаға бағаланып отыр. Бұл ретте жоба жүзеге асырылса, жобаның қаржылық моделі Банктің несиелендіру мерзімінде Ресейдің бюджетіне түсетін салық түсімдерінің көлемі шамамен 70 млн. АҚШ долларына тең болады. RAIL1520 лизингілік компаниясы 2011 жылы құрылған. Компания химиялық, металлургиялық, көмір және орман өнеркәсібіне, сонымен қатар көлік компанияларына жылжымалы темір жол құрамын оперативті лизингтеу қызметін көрсетумен айналысады. Бүгінгі күні RAIL1520 вагон паркі 5 000 данадан асады.