Tethys Petroleum Limited компаниясы (Біріккен Корольдік) өзінің Chegara Production Limited еншілес компаниясы Өзбекстандағы кен орнында мұнай өндіруді көбейту туралы мәмілеге қол қойғаны туралы хабарлады

17.05.12 10:52
/KASE, 17.05.12/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған Tethys Petroleum Limited компаниясы (Channel Islands), биржаға 2012 жылдың 16 мамырындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: Бүгін Тетис Петролеум компаниясы оның жүз пайыз еншілес кәсіпорны Chegara Production Limited (CPL) Өзбекстандағы жаңа мұнай кен орны - Чегарин кен орындары тобынан мұнай өндіруді көбейту мәмілесіне (ӨКМ) қол қойды. Оған қоса, Тетис болашағы зор іздеу блогында геологиялық барлау жұмыстарын өткізу туралы келісімге қол қоюдың кестесі бекітілген Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойғаны туралы хабарлады. Негізгі тармақтары: - Мұнай кен орнындағы өндіруді көбейту туралы 25-жылдық жаңа мәміле. - Қолданыстағы өнімді мұнай ұңғымалары. - Бұрғылау жүргізілмеген зоналардағы айтарлықтай өсім потенциалы: қосымша геофизикалық мәліметтер алу қажет. - Солтүстік-Үстірт бассейнінде іздей блогында геологиялық барлау жұмыстарын өткізу туралы потенциалды келісім бойынша ӨТМ. Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/GG_TPL_/gg_tpl_reliz_160512.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады.