"INNOVA INVESTMENT" ЖШС (Қазақстан) өзінің 2011 жылдағы және 2011 жылдың бірінші тоқсанындағы қызметінің нәтижелері туралы мәлімдеді

11.05.12 16:36
/KASE, 11.05.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "INNOVA INVESTMENT" ЖШС (Алматы), биржаға 2012 жылдың 11 мамырында жолдаған баспасөз-релизінде былай деп мәлімдеді: "Innova Investment" ЖШС 2011 жылдағы жиынтық активтерінің өсімі 2012 жылдың 01 сәуіріне – 423 млн. теңгені және 29 млрд. теңгені құрады. Компания Алматыда жұмыс атауы "West Point" жаңа инновациялық жобасы шегінде жылжымайтын мүлік нысандарының дамуына инвестициялар салу арқылы, активтерін әрі қарай арттыруды көздеп отыр. Операциялық тиімділік сұрақтарында компания жақсы көрсеткіштер танытты. Басқаруда теңгерімділік тәсілдемесін қолдану арқылы, "Великая Стена" ИнвестициялықЖылжымайтын мүлік қорына тиесілі (акцияларының бақылау пакеті Innova Investment компаниясының меншігінде), офистік орталықтарды толық толтыруға және компания басқаруындағыф өндіріс-қойма алаңдарын 40 мың ш.м. астам көлемге, бұл алдыңғы жыл көрсеткіштерінен 26% жоғары, арттыруға қол жеткізді. Бұл баға кірістілігін тиімді басқару мен клиенттер үшін жасалған жағдайлармен үйлесті (Revenue Management). Жалға алушылар ірі қазақстандық және халықаралық компаниялар болып табылады. 2011 жылдың желтоқсан айында, жалпы сомасы 10 млрд теңге, айналыста болу мерзімі 5 жыл, Innova Investment облигациялары шығарылып, Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне енгізілді. Осы кезеңде "Эксперт РА Қазақстан" рейтингілік агенттігі "Innova Investment" ЖШС "B" "Сенімділік деңгейі қанағаттанарлық" және "В+" рейтингін "Несиелік қабілеттілігінің жеткілікті деңгей" рейтингтерін берді. Осылайша, 2012 жылдың бірінші тоқсанында компанияның операциялық тиімділігінің арта түсу тренді сақталады, сондай-ақ жаңа инвестициялық жобалардың оңтайлы дамуының жолдарын іздестіру жалғасуда. Осы баспасөз-релизінің толық нұсқасымен KASE век-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/INVA/inva_reliz_110512.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2012-05-11]