ҚҰБ ҚҚК "АТФбанк" АҚ (Қазақстан) акциялар шығарылымының аңдатпасына енгізген өзгертулерін тіркеді

07.05.12 17:29
/KASE, 07.05.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "АТФбанк" АҚ (Алматы), өзінің акциялар шығарылымының аңдатпасына енгізген өзгертулері мен толықтыруларының көшірмесін биржаға ұсынды. Аталмыш өзгертулер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті (ҚҰБ ҚҚК) 2012 жылдың 10 сәуірінде тіркеп, "АТФбанк" АҚ Басқарма құрамының өзгеруіне және толықтырылуына байланысты енгізілді. Аталмыш өзгертулер мен толықтырулар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/ATFB/atfbf9_izm_100412.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2012-05-07]