ҚҰБ ҚҚК "АТФБанк" АҚ KZ2CKY10B406 (KZ000A0TZZD6, ATFBb4) облигациялары шығарылымының аңдатпасына енгізген өзгертулерін тіркеді

07.05.12 17:28
/KASE, 07.05.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "АТФБанк" АҚ (Алматы), өзінің KZ2CKY10B406 (KZ000A0TZZD6, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, ATFBb4; 100 теңге, 4,5 млрд теңге; 23.11.04 – 23.11.14, жылдық 11,0 % жарты жылдық купон; 30/360) облигациялары шығарылымының аңдатпасына енгізген өзгертулерінің көшірмесін биржаға ұсынды. Аталмыш өзгертулер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті (ҚҰБ ҚҚК) 2012 жылдың 10 сәуірінде тіркеп, "АТФБанк" АҚ Басқарма құрамының өзгеруіне және толықтырылуынка байланысты енгізілді. Аталмыш өзгертулер KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/ATFB/atfbf9b4_izm_100412.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2012-05-07]