ҚҰБ ҚҚК "АТФБанк" АҚ бірінші облигациялық бағдарламасы шығарылымының аңдатпасына енгізген өзгертулері мен толықтыруларын тіркеді

07.05.12 17:27
/KASE, 07.05.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "АТФБанк" АҚ (Алматы), өзінің бірінші облигациялық бағдарламасы шығарылымының аңдатпасына енгізген өзгертулері мен толықтыруларының көшірмесін биржаға ұсынды. Аталмыш өзгертулер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті (ҚҰБ ҚҚК) 2012 жылдың 10 сәуірінде тіркеп, "АТФБанк" АҚ Басқарма құрамының өзгеруіне байланысты енгізілді. Аталмыш өзгертулер KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/ATFB/atfbf4_1_izm_100412.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2012-05-07]