"АТФБанк" АҚ (Қазақстан) Директорлар кеңесінің Төрағасы болып Эрик Хэмпел сайланды

04.05.12 12:15
/KASE, 04.05.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "АТФБанк" АҚ (Алматы), биржаға жолдаған ресми хатында былай деп хабарлады: 2012 жылдың 26 сәуірінде акционерлердің жалпы жиналысымен "АТФБанк" АҚ Директорлар кеңесінің құрамына келесі кандидатуралар сайланды: 1) Эрик Хэмпел (Erich Hampel), "АТФБанк" акционері – ЮниКредит Банк Австрия АГ өкілі; 2) Альберто Роззетти (Alberto Rossetti), тәуелсіз директор; 3) Джанни Франко Папа (Gianni Franco Papa), "АТФБанк" АҚ акционері – ЮниКредит Банк Австрия АГ өкілі; 4) Массимилиано Фоссати (Massimiliano Fossati), "АТФБанк" АҚ акционері – ЮниКредит Банк Австрия АГ өкілі; 5) Сейітова Мухаббат Болатқызы; 6) Роберто Тимо (Roberto Timo), тәуелсіз директор. Бұдан басқа, 2012 жылдың 30 сәуірінде Банктің Директорлар кеңесі келесі шешімдерді қабылдады: a) Эрик Хэмпел Директорлар кеңесінің Төрағасы болып сайланды; b) Альберто Роззетти Директорлар кеңесі Төрағасының Бірінші орынбасары болып сайланды; c) Сейітова Мухаббат Болатқызы Директорлар кеңесі Төрағасының орынбасары болып сайланды. [2012-05-04]