АНОНС: KASE 19 мамар күні Алматыда "Қазақстан қор нарығының ашық есіктер күнін" өткізеді

03.05.12 11:50
/KASE, 03.05.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 19 мамырда Алматы қаласында біркүндік "Қазақстан қор нарығының ашық есіктер күнін" өткізеді, осы шара шегінде әлеуетті және қазіргі бөлшекті инвесторлар үшін қор нарығы тақырыбы бойынша оқыту блиц-семинарларының сериясы өткізілмек. Іс-шараны үұйымдастыруда, биржадан басқа, "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ, "NOMAD FINANCE" АҚ, "Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының академиясы" АҚ, "Еуразиялық сауда жүйесі" Тауарлы биржасы" (ЕСЖ) және басқа да брокерлік компаниялар белсенді қатысады. Іс-шара шегінде қор нарығының кәсіби қатысушыларының лекциялары мен презентациялары өтеді, олардың тақырыптары: - Қаржы құралдары және Қазақстандағы биржалық сауда-саттық; - KASE және ЕСЖ мерзімдік нарығы; - Қор нарығындағы тенденциялар мен тәуекелдер; - "халықтық IPO". Осымен қатар, блиц-семинарлардың шегінде кәсіби қатысушылар келушілерге өздерінің қызметтерімен, сондай-ақ сауда терминалдарының мүмкіндіктерімен таныстыруды жоспарлап отыр, ал "Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының академиясы" АҚ бастауыш инвесторлар үшін шебер- класы барысында өз қызметтеріне жеңілдіктер мен льготалар ұсынады. Қазақстан қор нарығының ашық есіктер күніне қатысушы жеке тұлғалардан KASE қандай да бір ақы алмайды және қатысушылардың санын шектемейді. Дегенімен, іс-шараға қатысу үшін тіркелу міндетті. Тіркелу биржаның веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/events/show/2012/opendoors мекен-жайы бойынша жүргізіледі. Бұдан басқа, іс-шараның қосалқы ұйымдастырушылары да тіркеуді жүзеге асырады. Іс-шараның бағдарламасы http://www.kase.kz/files/opendoors_programm.pdf мекен-жайы бойынша қол жетімді. Демеушілік және презентацияларға қатысу сұрақтары бойынша биржаның Маркетинг бөліміне +7 (727) 237 60 10 телефондары арқылы хабарласыңыз. [2012-05-03]