"АТФБанк" АҚ (Қазақстан) өзінің Директор кеңесінің 2012 жылдың 20 сәуіріндегі шешімдері туралы хабарлады

28.04.12 15:56
/KASE, 28.04.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "АТФБанк" АҚ (Алматы), биржаға ресми хат жолдап, 2012 жылдың 20 сәуірінде өзінің Директорлар кеңесі жүзеге асырылуында мүддесі бар мәмілелер бойынша келесі шешімдер қабылданғаны туралы хабарлады: а)ЮниКредит тобының мүшелерімен 2012 жылдың 01 ақпанынан бастап 2012 жылдың 29 ақпанына дейінгі кезеңге жасалған қазына мәмілелері бекітілді; б)Транзакциялық және корпоративтік өнімдерді дамыту департаментінің ЮниКредит тобы мүшелерімен 2012 жылдың 01 ақпанынан бастап 2012 жылдың 29 ақпанына дейінгі кезеңге мәмілелері бекітілді; в)"АТФ Инкассация" ЖШС-імен 2008 жылдың 01 наурызындағы № 1000 Қолма-қол ақшаны және құндылықтарды инкассалау қызметін көрсету туралы келісім-шартына № 5 қосымша келісім жасалды. г)Транзакциялық және корпоративтік өнімдерді дамыту департаментінің "ЮниКредит Банк" ААҚ (Қырғызстан) және ЮниКредит Банк Австрия АГ-мен Visa International Service Association үшін резервтік аккредитив шығарылымына байланысты жасалатын мәмілелер бекітілді.