/KASE, 26.04.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған KAZAKHMYS PLС компаниясы (Лондон), биржаға
2012 жылдың 26 сәуіріндегі баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп
хабарлады:
цитата басы
- Өндіріліп шығарылған рудадағы мыстың көлемі 2011 жылдың
осындай кезеңіндегіден жоғары болды
- Руданың өңделуіне қатаң ауа-райы жағдайлары мен руда
тасымалдаудағы қиыншылықтар ықпалын тигізді
- 2012 жылдың бірінші тоқсанында меншікті концентраттан
катодты мыс өндірісі 65 мың тоннаны құрап отыр
- Қордаланған руданы қайта өңдеу және Қоңырат кенішіндегі
жұмыстардың қайта басталуы 2012 жылдың бірінші
жартыжылдығында өндіру көлемін арттыруға тиіс.
- 285-295 мың тонна мөлшеріндегі катодты мыс болатын
жылдық жоспарлы көрсеткішке қол жеткізуге мүмкіндік
беретін операциялық көрсеткіштер
- Қосарлы өнімдер өндірісінің ауқымы да жылдық жоспарлы
көрсеткішке қол жеткізуге мүмкіндік берер деңгейде
- Концентраттағы мырыш өндірісі 32 мың тоннаны құрап отыр
- Бағалы металлдар өндірісінің көлемі осындай кезеңдегі
деңгейден артық болды
- Kazakhmys Power
- Қазақстанда электр энергиясына деген жоғары сұраныс Екібастұздың
ГРЭС-1 станциясында электр энергиясы өндірілімінің 11 пайызға
артуына апарып, 3,960 ГВтсағатқа жеткізіп отыр.
- Қаржылық бекем тұрғымыздың сақталуы
- Бухгалтерлік баланс ақшалай қаражаттардың таза ағынын байқатып
отыр
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне 115 млн АҚШ доллары
сомасына алтын сату соңына жеткізілді
- 2011 жылдың қыркүйек айынан бері 150 млн АҚШ долларына кері
сатып алу процесінің барысында барлығы 10,6 акция сатылып
алынған
цитата соңы
Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында
келесі мекен-жайлар бойынша танысуға болады:
-
http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_260412.pdf –
орыс тілінде;
-
http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_260412_kz.pdf –
қазақ тілінде.