"Имсталькон" АҚ (Қазақстан) Директорлар кеңесі қызығушылығы бар мәмілелерді жасау туралы шешім қабылдады

25.04.12 17:16
/KASE, 25.04.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Имсталькон" АҚ (Алматы), биржаға ресми хат жолдап, былай деп хабарлады: "Имсталькон" АҚ Директорлар кеңесі қызығушылығы бар мәмілелерді жасау туралы шешім қабылдады: - 2012 ж. 24 сәуірінде "Қазкоммерцбанк" АҚ пайдасына бұрынғысының орнына еншілес компаниясы - "АҚСАЙ-ИНВЕСТ" КОМПАНИЯСЫ" ЖШС тиісті түрде орындауын қамтамасыз етуіне кепілдік беру туралы; - 2012 ж. 25 сәуірінде "Сбербанк" АҚ ЕБ ("Имсталькон" АҚ қосарлас несие алушысы) несие келісімін өзгерту туралы.