Tethys Petroleum Limited компаниясы (Біріккен Корольдік) FirstEnergy Capital LLP және Seymour Pierce Limited банктерін өзінің корпоративтік брокерлері ретінде тағайындағаны туралы хабарлады

24.04.12 15:52
/KASE, 24.04.12/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған Tethys Petroleum Limited компаниясы (Channel Islands), биржаға 2012 жылдың 16 сәуіріндегі баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: Бүгін Тетис Петролеум компаниясы FirstEnergy Capital LLP (бұдан әрі – "FirstEnergy") және Seymour Pierce Limited (бұдан әрі – "Seymour Pierce") банктерінің өзінің жаңа корпоративтік брокерлері ретінде тағайындалуы күшіне енгенін хабарлады. FirstEnergy – энергетикада маманданған және инвестициялық банктік қызметтердің әр алуын түрін көрсететін жетекші инвестициялық банк. Seymour Pierce – жетекші лондондық тәуелсіз инвестициялық банк. Seymour Pierce негізгі қызмет түрлері – корпоративтік қаржы, корпоративтік брокерлік қызмет, бағалы қағаздарды ұйымдарға сату, сауда-саттықпен айналысу және бағалы қағздар нарығын қалыптастыру. Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында келесі мекен-жайлар бойынша танысуға болады: - http://www.kase.kz/files/emitters/GG_TPL_/gg_tpl_reliz_160412.pdf – орыс тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/GG_TPL_/gg_tpl_reliz_160412_e.pdf – ағылшын тілінде.