"Имсталькон" АҚ (Қазақстан) "Эксперт РА Қазақстан" рейтингілік агенттігі" ЖШС компанияның және оның облигацияларының рейтингілік бағалауларын көтергені туралы хабарлады

23.04.12 11:57
/KASE, 23.04.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Имсталькон" АҚ (Алматы), биржаға ресми хат жолдап, былай деп хабарлады: "Эксперт РА Қазақстан" рейтингілік агенттігі" ЖШС "Имсталькон" АҚ несиеге қабілеттігі рейтингін В+ деңгейіне (жеткілікті несиеге қабілеттілік деңгейі) дейін көтерді және (ҰСН – KZP01Y07D549, KZP02Y07D547, KZP01Y07D747) облигацияларының рейтингін В+ деңгейіне (жеткілікті сенімділік деңгейі) дейін көтерді.