Еуразиялық даму банкінің XS0426508627 (EABRK280414) облигациялары бойынша 7-ші купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 8,00 % құрады

19.04.12 15:58
/KASE, 19.04.12/ – Еуразиялық даму банкі Қазақстан қор биржасына (KASE) өзінің XS0426508627 (KASE ресми тізімі, "Халықаралық қаржылық ұйымдардың бағалы қағаздар" секторы, EABRK280414; 10,0 млн теңге, 20,0 млрд теңге; 28.04.09 – 28.04.14, инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон) облигациялары бойынша 2012 жылдың 28 сәуірінен 28 қазанына дейінгі купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі жылдық 8,00 % көлемінде белгіленді деп ресми хатпен хабарлады. Ағымдағы купондық кезеңде (2012 жылдың 28 сәуіріне дейін) аталмыш облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9,70 % пайызды құрайды.