"АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ (Қазақстан) "Халықтық ІРО" бағдарламасына дайындық ретінде оқыту семинарын өткізгені туралы хабарлады

19.04.12 12:33
/KASE, 19.04.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) қор және мерзімдік нарығының мүшесі болып табылатын "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ (Алматы),бүгін биржаға баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: 2012 жылдың наурызынан бастап мамыр айына дейін "Қазпошта" АҚ "Халықтық ІРО" бағдарламасына қатысып, Қазақстанның 17 қаласында инвестор болуды қалайтын азаматтармен тікелей жұмыс атқаратын операционистерін оқыту бойынша кең масштабты акция өткізілуде. "Қазпошта" АҚ брокерлік компаниялары мен азаматтар арасында трансфер- агент, немесе делдал болып отыр және түсіндіру жұмыстары, брокерлік компанияны таңдауда көмек көрсету, брокерлік шоттар ашу секілді қызметтер көрсетеді. "Қазпошта" АҚ қызметкерлерін оқытуды өткізу бойынша "Самұрық- Қазына" ҰӘҚ" АҚ бас мердігері "Асыл-Инвест" АҚ болды. Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық мәтінімен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1165508 мекен-жайы бойынша танысуға болады.