"CS Development LLP" ЖШС (Си Эс Девелопмент ЛЛП") (Қазақстан) өзінің KZ2P0Y08D761 (KZ2P00000995, CSDVb1) облигациялары айналыста болмағандықтан, олар бойынша 3-ші купонын төлемеуі туралы хабарлады

18.04.12 14:59
/KASE, 18.04.12/ – "CS Development LLP" ЖШС (Си Эс Девелопмент ЛЛП") (Алматы) өзінің теңгенің АҚШ долларына девальвациясы деңгейі бойынша индекстелінген KZ2P0Y08D761 (KZ2P00000995, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, CSDVb1, 1 000 теңге, 60,0 млрд теңге; 27.09.10 – 27.09.18; жарты жылдық купон жылдық 8,00 %, 30/360) айналыста болмағандықтан, олар бойынша үшінші купондық сыйақысын төлемеуі) облигациялары туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлап, ресми хат жолдады. КASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және биржада айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, биржаға тиісті ресми хат жолдауы тиіс.