2012 жылдың 17 сәуірінде "ТЕМА Ко" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болады

16.04.12 17:46
/KASE, 16.04.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ТЕМА Ко." АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания), 2012 жылдың 17 сәуірінде сағат 10:00-де компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы басталатыны туралы биржаға мәлімдеді. Жиналыстың күн тәртібінде: - компанияның жарияланған акцияларының санын көбейту; - компанияның жарғысына өзгертулер енгізу. Аталмыш жиналыстың өтетін мекен-жайы: Алматы қ., Достық даңғ., 52/2.