"АТФбанк" АҚ (Қазақстан) өзінің XS0217138139, US046820AA41 (ATFBe3) халықаралық облигацияларын өтеуі туралы хабарлады

17.04.12 11:38
/KASE, 17.04.12/ – "АТФбанк" АҚ (Алматы) 2012 жылдың 11 сәуірінде өзінің XS0217138139, US046820AA41 (ATFBe3; $200,0 млн; 12.04.05 – 12.04.12; жарты жылдық купон жылдық 9,25 %, 30/360) халықаралық облигациялары бойынша он төртінші – соңғы купондық сыйақысын төлеп, оларды толығымен өтегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлап, ресми хат жолдады. Осы хабарламаға сәйкес, осы облигациялар бойынша жасалған төлемдердің жалпы сомасы 209 250 000,00 АҚШ долларын құраған, оның ішіндегі негізгі қарызы (облигациялардың номиналды құндарының қосындысы) – 200 000 000,00 АҚШ долларын, және он төртінші купондық сыйақы - 9 250 000,00 АҚШ долларын құрады. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және биржада айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, биржаға тиісті ресми хат жолдауы тиіс.