Tethys Petroleum Limited компаниясы (Біріккен Корольдік) мұнайды Қазақстандағы терминал арқылы сату басталғаны туралы хабарлады

16.04.12 15:46
/KASE, 16.04.12/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған Tethys Petroleum Limited компаниясы (Channel Islands), биржаға 2012 жылдың 13 сәуіріндегі баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: Тетис Петролеум (бұдан әрі – "Тетис" немесе "Компания" (TSX:TPL, LSE:TPL)), Орталық Азия территориясында мұнай мен газды барлау және өндірумен айланысатын компания, және қазіргі уақытта Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан республикаларында өз операцияларын жүргізіп отыр. Компания Шалқар қ. мұнайды сақтау және теміржол цистерналарына құю мақсатында құрылған және Компанияның мұнай табылған кені (Дорис) мен Қазақстанның теміржолдары жүйесін жалғастыратын Арал мұнай терминалы (АМТ) арқылы алғашқы мұнай тасымалы туралы хабарлады. Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық мәтінімен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/GG_TPL_/gg_tpl_reliz_130412.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады.