"Еуразиялық банк" АҚ (Қазақстан) Директорлар кеңесі 2012 жылы банктің жарғылық капиталын 9,0 млрд теңгеге ұлғайту туралы шешім қабылдады

12.04.12 16:06
/KASE, 12.04.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы), бүгін биржаға баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: "Еуразиялық банк" АҚ (Қазақстан) Директорлар кеңесі 2012 жылы Банктің жарғылық капиталын 9 млрд теңгеге ұлғайту қарастырылған бюджетті бекітті. "Еуразиялық банк" АҚ Басқарма Төрағасы Майкл Эгглтон былай деді: "бұл Банк үшін аса маңызды бастама, себебі қосымша капитал Банкке өсімін оң қарқында жалғастыруға және Қазақстанның банктік секторының көшбасшыларының бірі ретінде одан әрі дамуға мүмкіндік береді. Оған қоса, бұл шешім біздің клиенттеріміз үшін Банктің тұрақтылығы мен сенімділігіне нық сенуге тағы бір себеп болады. Бұл қазіргі нарықтың өзгеріске бейімділігі уақытында аса маңызды".