"АТФБанкі" АҚ (Қазақстан) XS0217138139, US046820AA41 (ATFBe3) халықаралық облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

12.04.12 12:42
/KASE, 12.04.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2012 жылдың 12 сәуірінен бастап "АТФБанкі" АҚ (Алматы) XS0217138139, US046820AA41 (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, ATFBe3; $200,0 млн, 12.04.05 – 12.04.12; жарты жылдық купон жылдық 9,25 %, 30 / 360) халықаралық облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды деп хабарлайды. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2009 жылдың 01 сәуірінен бастап KASE ресми тізімінің "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатына енгізілді. Олардың сауда-саттығы 2010 жылдың 25 қарашасында ашылған. Аталмыш облигациялардың биржада айналыста болу мерзімінде олардың өтелуіне кірістілігі (ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелер бойынша) жылдық 3,00-ден 7,99 % аралығында құбылды. 2011 жылы аталмыш облигациялар биржадағы мемлекеттік емес бағалы қағаздарының саудалану рейтингінде жасалған мәмілелердің көлемі бойынша 39-шы жайғасымды (нарықтың тиісті айналымынан 0,62 %) және корпоративтік облигациялардың осыған ұқсас рейтингінде 32-ші жайғасымды иеленді (0,99 %).