/ТҮЗЕТІЛДІ/ 2012 жылдың 15 мамырында "Имсталькон" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болады

11.04.12 14:21
/KASE, 11.04.12, эмитент жиналыс датасын нақтылауына байланысты қай таратылады/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Имсталькон" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания), 2012 жылдың 15 мамырында компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болатыны туралы биржаға хабарлады, аталмыш жиналыстың күн тәртібінде: - 2011 жылға компанияның жылдық қаржылық есеп берушілігін бекіту; - 2011 қаржы жылына компанияның таза табысын бөлу тәртібін бекіту; - 2011 қаржы жылына жай акциялар бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешім қабылдау және компанияның бір жай акциясына шаққанда дивиденд мөлшерін бекіту; - 2011 жылға компанияның Директорлар кеңесінің қызметі туралы есеп беру; - компанияның Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі Т.Н. Синицынаның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және компанияның Директорлар кеңесінің жаңа тәуелсіз мүшесін тағайындау; - мүдделі мәмілелерді жасау туралы. Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Алматы қ., Москвин көш., 11, мәжіліс залы. [2012-04-11]