ҚҰБ ҚҚК "Еуразиялық банк" АҚ (Қазақстан) KZP02Y15C617 (KZ2C00001188, EUBNb5) облигациялары 2011 жылдың 01 қыркүйегінен 2012 жылдың 29 ақпанына дейінгі кезеңде орналастырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды

09.04.12 17:36
/KASE, 09.04.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы) биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2012 жылдың 20 наурызындағы хатының көшірмесін ұсынды, осы хатқа сәйкес, ҚҰБ ҚҚК "Еуразиялық банк" АҚ бірінші облигациялық бағдарламасы аясындағы екінші шығарылымның облигацияларын орналастыру жүзеге асырылмағаны туралы 2012 жылдың 15 наурызындағы № 54-002/6339 мәлімдемені қарастыра отырып, 2011 жылдың 01 қыркүйегінен 2012 жылдың 29 ақпанына дейінгі кезеңде аталмыш облигациялар орналастырылмағанын есепке алды". ҚҰБ ҚҚК ақпаратына сәйкес, 2012 жылдың 01 наурызындағы жағдай бойынша аталмыш облигациялардың 17 201 800 данасы орналастырылмаған. Аталмыш (KZP02Y15C617, KZ2C00001188, EUBNb5; 100 теңге, 10,0 млрд теңге, 01.09.08 – 01.09.23; инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 9,40 %; 30/360) облигациялар KASE ресми тізімінің "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатына енгізілді.