"Батыс транзит" АҚ (Қазақстан) KZ2CKY13B996 (KZ000A0T88N8, BTTRb1) облигацияларын ұстаушылар алдында 6-шы купондық сыйақыны төлеу бойынша өзінің міндеттемелерін орындай алатыны туралы хабарлады

06.04.12 17:40
/KASE, 06.04.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE), ресми тізімінде тұрған "Батыс транзит" АҚ (Алматы), биржаға 2012 жылдың 06 сәуіріндегі баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: 2012 жылдың 20 наурызында "АТФ Банк" АҚ биржаға өзінің "Батыс Транзит" АҚ 31.12.2011 ж. жағдайы бойынша қаржылық жағдайының сараптамасын ұсынды. "Батыс транзит" АҚ Қоғамның қарыз қаражатын пайдаланбай, өзінің міндеттемелері бойынша жауап беруге қабілетсіз екендігі туралы Банктің қорытындыларымен келіспейтінін білдіреді. Банктің осы Сараптамасы Қоғамның нақты қаржылық жағдайын есепке алмаған, ескірген сараптама деп санаймыз. Осы хат арқылы 2012 жылдың 6 сәуіріндегі жағдай бойынша Қоғам өзінің шоттарындағы 1,275 млрд теңге сомасындағы ақша қаражатын іске қосқаны, сондай-ақ, 2012 жылдың 12 сәуіріне дейін операциялық қызметтен 370,0 млн теңге алатыны туралы хабарлады. Бұл наурыз айындағы нақты төлемдер және ағымдағы жылдың сәуіріндегі аванстық төлемдер. Облигациялар бойынша алтыншы купондық сыйақы сомасы 1 608 132 мың теңгені құрайтынын ескере отырып, Қоғам қарыз қаражатын немесе акционерлердің қаржылық көмегін тартпастан, өзінің міндеттемелері бойынша жауап бере алады.