2012 жылдың 10 мамырында "Имсталькон" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болады

06.04.12 11:13
/KASE, 06.04.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Имсталькон" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания), 2012 жылдың 10 мамырында компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болатыны туралы биржаға хабарлады, аталмыш жиналыстың күн тәртібінде: - 2011 жылға компанияның жылдық қаржылық есеп берушілігін бекіту; - 2011 қаржы жылына компанияның таза табысын бөлу тәртібін бекіту; - 2011 қаржы жылына жай акциялар бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешім қабылдау және компанияның бір жай акциясына шаққанда дивиденд мөлшерін бекіту; - 2011 жылға компанияның Директорлар кеңесінің қызметі туралы есеп беру; - компанияның Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі Т.Н. Синицынаның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және компанияның Директорлар кеңесінің жаңа тәуелсіз мүшесін тағайындау; - қызығушылығы бар мәмілелерді жасау туралы. Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Алматы қ., Москвина көш., 11, акт залы.