/ТҮЗЕТІЛДІ/ "Имсталькон" АҚ (Қазақстан) KZP01Y07D747 (KZ2C00000420, IMSKb3) облигациялары бойынша 4-ші купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 7,00 % құрады

05.04.12 17:29
/KASE, 05.04.12, эмитенттің сыйақы мөлшерлемесінің көлемін түзетуіне байланысты қайта таратылды/ – "Имсталькон" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) өзінің KZP01Y07D747 (KZ2C00000420, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, IMSKb3; 100 теңге, 4,0 млрд теңге; 08.09.10 – 08.09.17; инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон) облигациялары бойынша алтыншы купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі жылдық 7,00 % көлемінде белгіленді деп ресми хатпен хабарлады. Ағымдағы купондық кезеңде (2012 жылдың 08 наурызына дейін) аталмыш облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 11,00 % пайызды құрайды.