/ТҮЗЕТІЛДІ/ 04 сәуірде "Альянс Банкі" АҚ биржада алтыншы шығарылымның 1 142 857 МЕУКАМ-72 (KZKDKY060066, MUM072_0006) жылдық 4,0 % сатты
05.04.12 13:02
/KASE, 04.04.12, сұрау бойынша түзетілді/ – Бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) сауда жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің алтыншы шығарылымның МЕУКАМ-72 (KZKDKY060066,
KASE ресми тізімі, "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, MUM072_0006;
1 000 теңге, 20,2 млрд теңге; 15.10.10 – 15.10.16, жылдық купон жылдық
5,40 %; 30/360) сату бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық
өтті.
Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта сатушы "Альянс Банкі" АҚ
(Алматы) болды.
Сатуға жарияланған көлемі 3 435 170 облигацияны құрады.
Бағалы қағаздың номиналды құнының үтірден кейін төртінші таңбасына
дейін дәл көрсетіліп, пайызбен берілген облигациялардың "таза бағасы"
(жиналған сыйақыны есептемегенде) сауда-саттықтың мәні болды.
Орналастыруға қатысу туралы өтінімдер жабық әдіспен алматы уақытымен
(ALT) 11:30 бастап 15:00 дейін берілді. Сауда-саттыққа тек шектелімді
өтінімдер ғана қабылданды. Сатып алу туралы өтінімдерді қанағаттандыру
тәсілі – кесімді баға бойынша. Есептесу схемасы – Т+0.
Сауда-саттыққа KASE жеті мүшесі қатысты, олар 16 085 500 облигацияны
сатып алуға он бір өтінім берді, барлық өтінімдер өтінім беру кезеңінінің
аяқталу сәтінде белсенді болып қалды. Осылайша, сауда-саттықтағы
сұраныс ұсыныстың 468,0 % құрады. Берілген өтінімдердегі "таза баға"
90,3810 % (жылдық 8,0 %) бастап 105,6685 % (жылдық 4,0 %) дейін құбылды
және орташа сараланған мәні 101,5593 % (сатып алушы өтеуіне жылдық
5,0 %).тең болды.
Белсенді өтінімдер көлемінің 24,9 % қазақстандың банктердің үлесіне,
59,0 % - банктердің клиенттеріне, 1,8 % - брокерлік-дилерлік компаниялар
клиенттерінің үлесіне, 14,3 % - зейнетақы нарығы субъектілерінің үлесіне
тиесілі болды.
Сауда-саттықтың нәтижелері бойынша эмитент кесімді бағаны 105,6685 %
деңгейінде бекітті, бұл облигациялардың сатып алушының өтеуіне жылдық
4,00 % көлемінде сәйкес келеді. Осы баға бойынша үш өтінімді
қанағаттандырды, сөйтіп 1 142 857 облигацияны орналастырды. Осы
орайда тартылған сома 1 236 611 274,00 теңгені құрады.
"Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) мәліметтеріне сәйкес
МЕУКАМ-72 алтыншы шығарылымын орналастыру бойынша жасалған
барлық мәмілелер сауда-саттық нәтижесі бойынша есептесу аяқталар сәтте
орындалды. Орналастырылған облигациялардың жалпы көлемінің 30,0 %
банк клиенттері, 70,0 % - зейнетақылық нарық субъектілері сатып алды.