"Қазақстан Халық жинақ банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ EMEA Finance халықаралық журналының нұсқасы бойынша 2011 жылдағы Қазақстанның үздік инвестициялық банкі деп танылды

02.04.12 11:13
/KASE, 02.04.12/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) мүшесі болып табылатын "Қазақстан Халық жинақ банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы), биржаға 2012 жылдың 02 сәуіріндегі баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: EMEA Finance (http://www.emeafinance.com) белгілі британдық журналының жыл сайынғы шолуының нәтижелері бойынша "Halyk Finance" АҚ осымен қатарынан екі жыл "2011 жылдағы Қазақстанның ең үздік инвестициялық банкі" ("Best Investment Bank in Kazakhstan 2011") атағына ие болып келеді. Бұрынырақ, 2012 жылдың ақпанында "Halyk Finance" АҚ абыройлы халықаралық басылымы "Global Finance" дәстүрлі жыл сайынғы зерттеуінің нәтижесінде "2012 жылдағы Қазақстанның ең үздік инвестициялық банкі" ("Best Investment Bank in Kazakhstan 2012") атағына ие болған. 2011 жылы "Halyk Finance" АҚ "Global Finance" басылымының нұсқасы бойынша "2011 жылдағы Қазақстанның ең үздік инвестициялық банкі" ("Best Investment Bank in Kazakhstan 2011") атағына ие болды, EMEA Finance белгілі британдық журналының нұсқасы бойынша "2010 жылдағы Қазақстанның ең үздік инвестициялық банкі" ("Best Investment Bank in Kazakhstan 2010") атағына, сонымен қатар "Қазақстан қор биржасы" АҚ нұсқасы бойынша "2010 жылдың Жетекші Қаржылық Кеңесшісі" атақтарына ие болғанын естеріңізге саламыз. Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық мәтінімен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1164398 мекен-жайы бойынша танысуға болады.