"Қазақстан Даму Банкі" АҚ "аль-Мурабаха" сукук исламдық облигацияларының алғашқы шығарылымы жоспарланып отырғаны туралы хабарлады

30.03.12 16:27
/KASE, 30.03.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Астана), биржаға 2012 жылдың 30 наурызындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (бұдан әрі - "Банк") Директорлар кеңесі 2012 жылдың 14 наурызында Малайзияның заңнамасына сәйкес, орташа мерзімді исламдық облигацияларды орналастыру шығару және орналастыру туралы шешім қабылдады. Облигациялық бағдарламаның болжамды көлемі – 500 млн АҚШ долларына дейін. Осы орайда, бірінші эмиссияның көлемі мерзімі 5 жылдан кем емес 200-300 алн АҚШ долларын құрайды деп күтілуде. Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық мәтінімен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/news/show/1164354 мекен-жайы бойынша танысуға болады.