"Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) Оңтүстік-Қазақстан облысындағы 44 базалық станцияны модернизациялағаны туралы хабарлады

29.03.12 17:56
/KASE, 29.03.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана), биржаға 2012 жылдың 29 наурызындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы Оңтүстік Қазақстан облысында "CDMA/EV-DO радиоқатынау желілерінің негізінде қызметтерді ұсыну" жобасы бойынша 597 ауылдық елді мекендерді қамтитын 44 қолданыстағы базалық станция модернизацияланды. Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын насихаттау бойынша өзінің жұмыс сапарында Көлік және коммуникация вице-министрі Сәкен Сәрсенов "Қазақтелеком" АҚ-ның CDMA/EV-DO радиоқатынау желілерінің негізінде қызметтерді ұсыну жобасның іске асырылу барысымен танысты. Ауылдық елді мекенде кең жолақты интернетке қатынауды ұйымдастыру серпінді жобалардың қатарына енетін және "30 корпоративтік көшбасшы" мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асырылып отырған CDMA- 450 стандарты базасында сымсыз желіні кеңейту жобасының екінші кезеңі болып табылады. Жобаның іске асуының нәтижесінде 2015 жылы ауылдық елді мекенде байланыс қызметіне деген тапшшылық толығымен жойылады. Көлік және коммуникация вице-министрі Сәкен Сәрсенов өзінің сөзінде Ұлт Көшбасшысының Жолдауының негізгі тармақтарының бірі – республиканың ауылдарын дамытуға ерекше назар бөлді. "Ауылдық елді мекендерді телефондандыру мен интернеттендіру – бұл тек қана әлеуметтік міндет ғана емес, ол – электронды үкіметтің дамуы және ауыл мен қаланың арасындағы ақпараттық теңсіздікті қысқарту" екендігін атап өтті. 2012 жылдың 27 наурызына Оңтүстік Қазақстан ОДТ бойынша 1 222 абоненет интернетті EV-DO технологиясы арқылы пайдаланады. Оның ішінде 759 жеке тұлға, 401 бюджеттік мекеме және 9 жеке кәсіпкер бар. ОҚО бойынша мектептердің жалпы саны Интернет желісіне қатынау мүміндігі бар 1 014 мектептің 897-і Кең жолақты қатынау технологиясын пайдаланады, ол 88,2 % сай келеді. "Өткен жылдың басында облыстағы 1 022 мектептің 431-і ғана Интернетті кең жолақты қатынау арқылы пайдалану мүмкіндігі болған болса, осы жобаның іске асуы нәтижесінде 2012 жылдың 27 наурызына ол сан 897 жетіп, Оңтүстік Қазақстан облысының барлық мектептерінің 88,2 % сай келіп отыр", – деп атап өтті өз сөзінде Оңтүстік Қазақстан ОТД бас директоры Нұрлы Бектұрсынов. Бүгінгі таңда ОҚО 50 CDMА-450 базалық станция жұмыс істейді. Ол өңірдің барлық ауылдық елді мекендерінің 93% немесе 809 АЕМ қамтиды. Барлық базалық станциялардың жалпы монтаждалған сыйымдылығы 42 062 нөмірді құрайды, оның қосылғаны 41 538 нөмір. Жаңа технология Интернетке қатынау сапасын ақпараттарды жоғарғы жылдамдықта беру мүмкіндігі арқылы арттырады. "Қазақтелеком" АҚ тарифтік жоспарларына сай Интернет желісіне қатынау жылдамдығы 512 Кбит/с сай келеді. Ауылдық желіде EV-DO технологиясы бойынша ақпараттарды берудің жоғарғы жылдамдығы сандық деректерді қысқарту алгоритмі арқылы қол жетімді болады, ол CDMA-450 желісінің қамту аумағының кез келген нүктесінен Интернет желсіне кең жолақты қатынауға мүмкіндік береді. цитата соңы