ҚҰБ ҚҚК "Имсталькон" АҚ (Қазақстан) бірінші және екінші облигациялық бағдарламалар шығарылымдарының аңдатпаларына енгізген өзгертулері мен толықтыруларын тіркеді

28.03.12 17:10
/KASE, 28.03.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Имсталькон" АҚ (Алматы), өзінің бірінші және екінші облигациялық бағдарламалар шығарылымдарының аңдатпаларына енгізген өзгертулері мен толықтыруларынының көшірмелерін биржаға ұсынды. Аталмыш өзгертулер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті (ҚҰБ ҚҚК) 2012 жылдың 29 ақпанында тіркеп, "Имсталькон" АҚ ұйымдық құрылымында, сонымен қатар "Имсталькон" АҚ еншілес ұйымдары туралы мәліметтерде болған өзгерістер мен толықтыруларға байланысты енгізілді. Аталмыш өзгертулер мен толықтырулар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/imsk мекен-жайы бойынша жарияланған.