"Өскемен құс фабрикасы" ақ (Қазақстан) өзінің 560 млн теңге сомасындағы ақша қаражаты ұрланғаны туралы хабарлады

28.03.12 16:54
/KASE, 28.03.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Өскемен құс фабрикасы" АҚ (Шығыс-Қазақстан обл.), биржаға ресми хат жолдап, былай деп хабарлады: "Өскемен құс фабрикасы" АҚ ағымдағы жылдың 7 наурызында компания 560 млн теңге сомасындағы меншікті ақша қаражаты ұрланғанын байқады. Ұрлықты жасанды құжаттармен компания қызметкерлерінің біреуі іс асырған. Қазіргі уақытта осы жағдайға байланысты соттық іс қозғалып, қашып кеткен қызметкер мен ұрланған қаражат ізделуде. Аталмыш хатта, сондай-ақ. Барлық төлемдер уақытында төленетіні туралы хабарланды.