Еуразиялық банк ТМД Атқарушы хатшысы С. Лебедев пен ЕАДБ Басқарма Төрағасы И. Финогеновтың Алматы қ. болып өткен жұмыстық кездесуі туралы хабарлады

27.03.12 11:41
/KASE, 27.03.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған Еуразиялық даму банкі, биржаға 2012 жылдың 26 наурызындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: ТМД Атқарушы комитетінің Төрағасы – Атқарушы хатшысы Сергей Лебедев бүгін Алматыға ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің отырысына қатысу үшін келді. Жұмыстық іссапарының бірінші күнінде Сергей Лебедев ЕАДБ Басқарма Төрағасы Игорь Финогеновпен Банктің Алматыдағы штаб-пәтерінде кездесті. Кездесу барысында Банктің Басқарма Төрағасы Игорь Финогенов ЕАДБ аймақтың нарығында 6 жыл бойы көрсеткен қызметінің жетістіктері, Банк қаржыландырған сәтті жобалары, жақын арадағы жоспарлары туралы әңгімеледі. Ал Сергей Лебедев, өз кезегінде, ЕАДБ Банкке қатысушы мемлекеттердің кірігіуі мен экономикалық дамуы мәселелерінде аса маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің отырысы сейсенбі күні, 27наурызда өтеді. Осы жолғы отырыс ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің 20-жылдың мерейтойымен ұштасып отырғанын атап өткен жөн. Отырысқа қатысу үшін Әзербайжан Республикасынан, Армения Республикасынан, Беларусь Республикасынан, Қазақстан Республикасынан, Қырғыз Республикасынан, Молдова Республикасынан, Ресей Федерациясынан, Тәжікстан Республикасынан, Украинадан делегаициялар, халықаралық парламенттік ұйымдардың өкілдері келеді деп күтілуде.